«Ақ көйлек киемін, той болады»: Келінжан сериалындағы Балқия тұрмысқа шыққалы жатыр
Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
«Театрда жалақы өте аз, мен 100 мың теңге аламын. Мен айына 1-2 рет ғана ойнаймын. Көбіне ақысыз демалысқа шығып жүрдім. Алдағы жаңа маусымда толық жұмыс күніне ауыссам жалақым мда көтеріліп қалатын шығар. Ал, кинода өз бағамды өзім айтамын. Шақырып жатса, ақшаларыңыз бар ма, төлей аласыздар ма деп бірден сұраймын. Біз енді бастап жатырмыз, әзірге ақша жоқ десе, менде уақыт жоқ деп жауап беремін. Себебі, күнкөріс, бастама ретінде түсетін студенттік шақтан өттік. Оңай емес, еңбекті бағалау керек», — дейді актриса.
«Келінжан» сериалындағы Балқия рөлі арқылы танылған актриса жеке өміріндегі жақсы жаңалықпен де бөлісті.
- «Жеке өмірімді көп айта бергім келмейді. Бұйырса, жеке өмірімде жаңалық болғалы жатыр. Ақ көйлек киіп, той болады. Ұсыныс жасап жатыр. Болашақ жарымның өнерге мүлде қатысы жоқ. Ауылдың қарапайым қара жігіті», — дейді ол.