Аптаның үздік жеті хикаясы
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, биліктен кететінін жариялады. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Астана атауын Нұрсұлтан деп референдумсыз өзгерту қаншалықты заңды? Тоқаевтың президент ретіндегі өкілеттіктерін түгел пайдалануы мүмкін бе? Азаттық сарапшы заңгерлердің пікірін білді. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
20 наурызда ант қабылдап, президенттікке кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаттағы салмағы қандай болады? Сарапшылар пікірі.
Қазақстанда бірнеше қалада Наурыз мерекесі полицейлердің адамдарды ұстауымен басталды. Белгісіз топ Азаттық тілшілерінің жұмыс істеуіне кедергі жасап, тікелей эфирде камераның бетін көлегейлеумен болды. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
Мәнерлеп сырғанаудан Сайтамада (Жапония) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева әйелдер арасындағы жарыста күміс медаль алды. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтіні 23 наурызда Ақорда сайтында жарияланды.
19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, президенттіктен кететінін жариялады. AzattyqLIVE тікелей эфирінде сарапшылармен Назарбаев мәлімдемесін талқылады.