Аптаның үздік жеті хикаясы
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Президент әкімшілігінен жауап ала алмаған бір топ азамат наразылықтың екінші күні Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесіне барды. «Әділетсіз сот үкімдерінің» күшін жоюды талап еткен наразы топ жоғарғы сот төрағасының отставкасы жайлы айтты. Толығырақ оқу үшін >>>
«Жемқорлық» айыбымен ұсталған Қазақстан білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева айыппұлмен сот залынан босатылды. Бұған дейін де Қазақстанда «пара алған, ақша жымқырған, қызметін асыра пайдаланған» ондаған мемлекеттік қызметкер айыппұл төлеген немесе шығынды өтеген. Сарапшылар мен желі қолданушылары «жемқорлық ісінде» сот үкімі әртүрлі шығатынына наразы. Толығырақ оқу үшін >>>
6 шілде күні Қазақстанның бірнеше қаласында билікке қарсы митингіге шықпақ болғандарды полиция ұстап әкетті. Осы оқиғалардан тікелей байланыста хабар таратып жүрген Азаттық тілшілерінің жұмысына белгісіз біреулер кедергі жасады. Нұр-Сұлтан қаласында мұндай кедергі жиі қайталанады. Бірақ полиция қызметкерлері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев кедергілерді «көрмейді, білмейді».
Арыстағы әскери қоймадағы жарылыстан жарты ай өтті. Жарылыстан кейін Азаттық тілшілері Асылхан Мамашұлы мен Санат Нұрбеков Арыс пен Шымкентке барып, жағдайды өз көздерімен көрген еді. Жарылыстан қираған Арыс, Шымкенттегі Арыс тұрғындарының баспана талап еткен наразылық шарасы, арыстықтардың қалаға оралған сәті – Азаттықтың арнайы репортажында. 24 маусымда Арыста әскери қойма жарылып, ресми дерек бойынша, үш адам мерт болып, 400-ден астам адам зардап шеккен.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа бастаған кейбір жастар қоқан-лоқы мен қысымға кезіккенін айтады. Кейбірі университет басшылығы мен прокуратурадан ескерту алғанын айтса, кейбірі ел аумағынан басқа елге ұша алмай отыр. Толығырақ оқу үшін >>>
Алматы қалалық әкімдігінің алдында ДЦП-ға шалдыққан мүмкіндігі шектеулі Камилла Шоқанова елдегі мүгедек жандардың құқығының қорғалмауына, әлеуметтік жағдайының төмен болуына назар аудартқысы келіп, бір адамдық пикет өткізді. Ол «мүгедектердің намысына тиетін сөз айтқан» сенат спикері Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етті.
Шілденің 12-сі күні Нұр-Сұлтан мен Шымкентте көп балалы аналар наразылыққа шығып, әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді талап етті. «Шенеуніктердің құрған уәдесінен шаршағанын» айтқан аналар талаптары орындалмайынша кетпейтінін айтты. Толығырақ оқу үшін >>>