Аптаның үздік жеті хикаясы
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Тоғыз шаршы метр бөлмедегі қос қабатты үш төсек пен темір торлы тар екі терезе, айналасы төсек жаймасымен қымталған әжетхана. Сол жерде тұтқында болған Андрей Пахотнов сегіз тәулік ешқашан бітпестей боп көрінгенін айтады. Полиция оны маусымның 9-ы күні Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс президент сайлауына қарсылық шеруі өтетін орын деп көрсеткен алаң маңынан ұстап әкеткен. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Еуропада тұратын бір топ этникалық қазақ Қазақстанда митинг кезінде ұсталғандарды босатуды өтініп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Хатқа қол қойған кейбір азаматтар елдегі қоғамдық-саяси жағдайға алаңдап отырғанын жеткізеді. Толығырақ оқып-білу үшін мақалаға мына сілтеме арқылы өтіңіз.
«Билікке қатысымыз жоқ» деген «Жаңа Қазақстан» форумы президент сайлауынан кейін тарады. Сарапшылар форумның өзі «президент сайлауында өз беделін өзі жоғалтты» деп санайды. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның 12-сінде өткен инаугурациясынан соң кадрларын тағайындай бастады. Сарапшылар Тоқаевтың қолы байлаулы екенін айтса да, жемқорлықпен күрес күшейер деп үміттенеді. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасына берген сұхбатында «елде бейбіт митинг өткізуге рұқсат беретін заң қабылданады» деді. Осыған дейін биліктен бейбіт жиын өткізуге рұқсат ала алмаған белсенділер Тоқаевтың сөзіне күдікпен қарайды.
Сот шешімімен екі жылдан астам уақыт психиатрлық ауруханада күштеп ем алған 63 жастағы Наталья Уласик темір тор, құрсаулы төсек, укол мен аурухана бөлмелері жоқ өмірге қайта бейімделуге мәжбүр. Жалғыз адамдық пикеттерге шығып танылған белсенді әлі бірнеше жыл тіркеуде тұрмақ. Мақалаға өту үшін мына сілтемені басыңыз.
AzattyqLIVE хабарында 9 маусымда өткен Қазақстандағы президент сайлауының нәтижелері талқыланды. Хабарға сайлауда бақылаушы болған заңгер Серік Әбішев қатысты.