Аптаның үздік жеті хикаясы
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісін жариялаған күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қаласында полиция адамдарды ұстады. Азаттық тілшілері Алматыдағы полицияның адамдарды ұстаған сәтіне куә болды.
9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында «заң бұзу фактілері» делінген видеолар әлеуметтік желіде көп тарады. Біраз видео Азаттық редакциясына да келген.
9 маусымла Алматы қаласындағы Астана алаңында өткен сайлауға қарсы наразылық шарасында полиция франциялық AFP (Agence France-Presse) ақпараттық агенттігінің Орталық Азия бойынша тілшісі Крис Риклтон ұстап әкеткен. Полиция бөлімшесіне жеткізіліп, кейіннен босап шыққан шетелдік журналист Азаттыққа сұхбат берді.
Президент сайлауы өткен соң сайлауда бақылаушы болған бір топ қоғамдық белсенді Respublica атты саяси қозғалыс құратындарын мәлімдеді. AzattyqLIVE хабарында сол ұйымның мүшесі Бэлла Орынбетовамен сайлаудың нәтижесін талқыланды.
«Жусан-2» арнайы операциясы кезінде Қазақстанның арнайы қызметі елге жеткізген келіншек Сириядағы ДАИШ тобының («Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы) қол астында болған алты жылы туралы ойламауға тырысады. Үлкені биыл алты жасқа толатын екі ұлдың анасын төркін жұрты қуана қарсы алған.
10 маусымда Алматыдағы Астана алаңынан велосипедпен өтіп бара жатқан Арман Абдуллахановты наразылық акциясына қатысушыларды ұстауға келген полицияның қалай әкеткені туралы видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Азаттыққа берген сұхбатында ол бұл оқиғаға «саяси реңк бергісі келмейтінін» айтты.
9-12 маусымда ұсталған азаматтарға көмек көрсетіп жүрген құқық қорғаушылар қиындықтарға тап болғанын айтады.