Апта басында ұлттық валюта әлсіреді — Нарық

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 370,3 теңгеге дейін нығайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
26 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 368,9 теңгемен өтті. Минимал құны да осы болды, ал максимал құны — 371,05 теңге. Сауданың жалпы көлемі 22 250 000 долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 369,5-372 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 11.20-да барреліне 59,71 доллар болды.