Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Тортуыл Шоқан есімді азамат фейсбук желісіндегі парақшасында Алакөлдегі көріністі тәптіштеп жазды.
«Алакөл жағалауы әлемнің «8 ші» кереметі болып қалыптасуы үшін әлі 100 керек-ау қазаққа..
Алматыдан Алакөл жағалауы—Көктұмаға бардым. Жағажай лас. Қызмет көрсету деңгейі төмен. Ауыл ішінде плавки киіп жүрген еркектер мен, купальник киіп жүрген қатындар бар екен..
Көл жағасында темекі тұқылын лақтырып, жеген балықтары қалдығын құмға көміп отырғандарды көрдім. Арақ-пиво ішіп демалатындар барын көресіз барсаңыз.. Тышып қойған баласы құйрығын көлішінде жуып тұрған қатынды көріп—жақындадым, ескертім. «Баласы жоқ мүгедек біреу шығарсың, демал» деді маған.
Денесін қотыр басқандар да жағажайда жүр. Бұған 20 жастағы қыздың купальнигін киіп алған 60 тағы апалар жүрісін қосыңыз. Жас қыз-келіншектерге қарап әпшулері делдиген 55-65 жастағы аға-аталар тағы бар.
Осының бәрін көріп болып, Алакөлдің Достық жағындағы Жалаңашкөлге кеттім.
«Достықтан» шыға берісте біреу 100 гектар жерге соя егіпті. Ал осы егістікті суғару үшін «Тоқта» өзенін бұрған. Егістіктегі бүкіл химикат қосындылары ағып барып Жалаңашкөлге құйып жатыр. Жылдағы балық жоқ, көл түсі өзгерген. Бетін тікенек басқан.
Алакөлді айналып Жарбұлақ жағына өттім. Жағажайда дәретхана жоқ. Көлге түскен 2 сағатта 2 рет туалетке ең жақын демалыс орнына бардым. Жұрттың көбі сиуге көлге асығады екен..
Денесінде жарасы бар адамдар жұртпен бірге жүр. Мұндай адамдарды үкімет қамқорлығына неге алмайды? Жеке жағажай бөліп, пансионаттар салу керекқой?! Сосын тері ауырулары барлар, әдеттегі демалыс орындарына төлейтін ақшасын төлеп бармай ма сол арнайы орындарға… Ия, ауыруды ешкім тілеп алмайды. Бұларға үкімет сөзсіз жәрдемдесуі керек емеспе..
Жағажайда құтқару қызметін көрмедім. Ескерту жазбалары мен, дауыс ұлғайтқыштар арқылы ескертпелер естімедім.
Табиғат сыйы – көл суы керемет. Кереметтің қадіріне жете алмай отырған демалушыларды «байқамайтындар» үшін «всё в шоколоде».
Ал кірпияздар үшін қалаішілік бассейіндер мен, үйіндегі түрлі тұздар салынған ванна-джакузилері әлде қайырлы», – деп жазды.
Оқырмандарға да осы көрініс ұнамайтыны пікірлерінен белгілі болды.