Аппақ қар, қыс мезгілі, қыстағы адамдардың тіршілігі
Оқу қызметі: Сурет
Тақырыбы: Аппақ қар
Мақсаты:
Б. м: Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Д. м: Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру
Т. м: Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекіліктер: қысқы көрініс, қардың суреттері
Билингвалды компонент: аяз – мороз, аппақ қар – белый снег, қыс – зима.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қардың түс, түр, пішіндері туралы түсініктерді
Игерді: Қардың қыста жауатынын, оның әр түрлі күйге енетінін
Меңгереді: Қар туралы тақпақтар, жұмбақтар үйренді, қардың суретін салуды, жапсыруды және мүсіндеуді меңгерді.
Мотивациялық — қозғаушылық
Жылулық шеңбері:
— Балалар сендер де тоңып қалған шығарсыңдар, бір — біріміздің қолымыздан ұстап жылы тілектерімізді айтайық.
Ұйымдастыру — шылық —
ізденістік — Балалар, қазір қай мезгілі екен білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын тауып көріңдер.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды,
Қарға омбығып,
Бет домбығып.
Балдырғандар ойнайды.
— Бөбектерім, айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады?
Аппақ — аппақ ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып.
— Балалар мына суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
Суретке қарап әңгіме айтыңдар.
Сергіту жаттығуы:
Аппақ — аппақ жапалақтап,
Қар жауады тамаша.
Ойын ойнап шаттана
Жасаймыз біз ақ қала.
— Балалар қыс туралы жұмбақ білесіңдер ме?
— Балалар бүгін біз сурет сабағында қардың бейнесін саламыз, қағаздан қиып жапсырамыз және мүсіндейміз.
Аппақ қар жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/