Әпкесін өлтірген ер адам сот залының төбесі арқылы қашып кетпекші болды – видео
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/169/66/1696626.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/world/20191211/12259538/sot-zaly-video.html
18 жастағы жігіт 21 жастағы әпкесінен жындарды қуып шығарамын деп оны өлтіріп алған. Кейінірек пәтерден есірткі табылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Діни жоралғы жасау барысында әпкесін аяусыз өлтірген мәскеулік Леонид Грейсер қамаудан қашпақшы болды. Ол полицейлердің көз алдында тордан шығып, сот залының төбесін бұзып, жоғары көтерілді.
Тағы оқыңыз: Алматы облысында жігіттің жынын қуамын деп өлтіріп қойған емші ұсталды
Жас жігіт қолмен көтеріліп, тордан шығады, содан кейін төбені бұзып, сонда кіреді. Сот жасауылдары қашқынды ұстауға ұмтылды, бірақ ол оңай болмады – күш қолдануға тура келді, деп хабарлады life.ru.
Айта кетейік, Мәскеуде 18 жастағы жігіт 21 жастағы әпкесінен «жындарды қуып шығармақ» болып, оны өлтірген. Кейінірек пәтерден есірткі табылды.
sputniknews.kz