«Әпкем жүгіріп барған» Мешітте күйеуін құтқармақ болған әйел ажал құшты  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полиция Парвиннің оққа ұшқанын отбасына хабарлаған, алайда әзірге оның мәйітін бермеген

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы қанды қырғын кезінде Бангладеш тұрғыны мүгедек күйеуін құтқарамын деп ажал құшты.

Бұған дейін теракт кезінде Бангладештің үш тұрғыны көз жұмып, тағы бірнешеуі жарақаттанғаны хабарланған.    

Бангладеште тұратын туыстарының мәліметінше, Хусне Ара Парвин Әл-Нұр мешітіндегі атыс кезінде қаза тапқан, ол сал болып қалған күйеуі Фарид Уддинді құтқаруға тырысыпты. Бұл туралы bdnews24 порталы хабарлады.

Әл-Нұр мешіті әйелдер және ерлер секциясына бөлінген. 

 «Әпкем мүгедектер арбасына таңылған күйеуін ерлер секциясына қалдырып, өзі әйелдер секциясына кеткен. Ол қарудың дауысын естіп, күйеуін құтқару үшін ерлер секциясына жүгіріп барып, сол жерде жан тапсырған», — дейді әйелдің інісі Махфуз Чоудхури.

Жаңа Зеландия полициясы Парвиннің оққа ұшқанын отбасына хабарлаған, алайда әзірге оның мәйітін бермепті. Парвиннің күйеуі қанды қырғыннан аман қалған, атыс басталған кезде оны басқа біреулер қауіпсіз жерге шығарған.    

Жұма күні Крайстчерчтегі екі мешітте белгісіз біреулер келушілерге оқ жаудырды. Жергілікті биліктің мәліметінше, 49 адам көз жұмды. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн болған оқиғаны теракт деп атады. Шабуылға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды, арасында Австралия азаматы бар. 28 жастағы Брентон Таррантқа кісі өлтірді деген айып тағылды, сенбі күні сот оны қамауда ұстау мерзімін 5 сәуірге дейін ұзартты.   



sputniknews.kz