Апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағы 1973 жылы қолданысқа берілген

0
4624
Фото: Пятый канал

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқандығын мәлім етті.

«ҚР Үкіметі апатты анықтау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің өкілдерінен сараптамалық комиссия құрды. Қазіргі кезде комиссия мүшелері әуе кемесі құлаған жерде. Борттағы қара жәшіктегі деректерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, оның нәтижелері жақын арада жарияланады», – делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Қаза тапқандардың туыстары және жақындарымен психологтар жұмыс істеуде, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуге Алматы қаласындағы ҰҚК ауруханасының мамандары қатысуда.

«Е.Васильковтың ата-анасының Петропавлдан Алматыға ұшуы үшін арнайы борт ұйымдастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, соның ішінде ғұрыптық іс-шараларды ұйымдастыруға қажетті материалдық және басқа да көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізуде», – делінген делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әуе апатының себептерін анықтауды тапсырған болатын.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Ашық дереккөздерде АН-26 ұшағы 1947 жылы 31 тамызда алғаш әуеге көтерілген. Бұл типтегі ұшақ 1973 жылы бізде қолданысқа беріліп. 1986 жылы өндіріс тоқтатылған. Осы уақыт аралығында 1398 дана ұшақ өндірілген.

Әуе кемесінің техникалық сипаттамасы мынадай: Тасымалдау қуаты – 5,6 тонна. Қалыпты көтеру салмағы – 23 тонна. Максималды көтеру салмағы – 24 тонна. Ішкі бактардағы отынның көлемі 7 тоннаны құрайды. Жоғары жылдамдығы – 540 км/сағ. Қанат аралығы – 29,2 метр. Ұшақтың ұзындығы – 23,8 метр. Биіктігі – 8,6 метр. Сыйымдылығы 40 адамға дейін.