Апалы-сіңлілі қазақ қызы күтпеген жерден желіде танымал болды – видео

0

Еліміздегі Қалағановтар отбасында ерекше жағдай болды. Отбасында альбинизммен екі қыз дүниеге келген. Екеуінің жас айырмашылығы – 13 жыл

Бір үйде мұндай ерекше екі баланың дүниеге келуі өте сирек кездесетін жағдай. 20 мың нәрестенің біреуі ғана альбинос болады екен.

Кішкентай кезінен бері қыздарға жұрт ерекше қызығушылық танытқан. Ал қыздардың ата-анасы бұған дейін мұндай ерекшелік туралы мүлдем естімегенін айтады.

Уақыт өте келе, Әсел жұрттың көзқарасынан ұялмайтын болыпты. Керісінше, өзінің ерекшелігін пайдалануға үйренген.

Тағы оқыңыз: Жұлдыз болып шыға келді: ақсулық жігіттің хитін әлемде 2,5 млн адам тыңдады

Енді апалы-сіңлілі қыздар әлеуметтік желіде танымал бола бастады.

Ерекше қыздардың өмірі туралы толығырақ видеодан көре аласыз.

Альбинизм немесе реңсіздік — ағзаның өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбиностың көзі, қасы, шашы, терісі өзгелерден ерекше, ақшыл түске боялады.



sputniknews.kz