Әнуар Нұрпейісов Қазақстанға оралды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов көптен бері ел көзіне көрінбей кеткен еді. Бірнеше киноларды роль сомдап, ел алдында жүрген ол шетелге кетіп, өнер әлемінен алыстаған болатын. Нұрпейісов тағдырдың жазуымен отанына оралғанын айтып, жазба жариялады.

«Коронавирус уақытша туризм индустриясын тоқтатып тастады. Мен мұнда логистикалық немесе басқа жағдай туралы айтып отырған жоқпын. Індет Қытайда тараған кезде аса мән бермедім. Бірақ вирус Шри-Ланкаға жетіп, билік 16 наурыздан бастап қонақ үй бизнесіне тыйым салғанда бәрі анық болды. Бірнеше апта бұрын брондалған нөмірлерден бас тартып, менің ауылым Сигирияда тыныштық орнады. Қонақ үйді жауып, команданы уақытша демалысқа жіберуге тура келді. Тағдырдың жазуымен мен Қазақстанға келдім. Алдағы айларда осында жұмыс істеймін. Мен бұрынғыдай өзімнің мега-командамдамын. Жаз айында сіздерді қуантып, табиғат энергиясымен тамсандыратындай жобаны қолға алдық», — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Коронавирусқа байланысты елге оралға актер шетелде немен айналысқанын қысқаша баяндады. 

«Шри-Ланкаға қайта оралайық. 6 ай бұрын мен аралға ұшып кеткенде өзгеше сезімде болдым. Белгісіз жаққа кете бердім. Бастысы — құдайға, тағдырға, кеңістікке сену керек болды. Барлық жағдайда билеу білу керек. Небір тапсырмаларды орындауға тура келді. Мен іздеген мамандардың тізімі: слесарь, даяшы, аспазшы, гид, тазалаушы, мал дәрігері, бассейн тазалаушы және тіпті көлік жүргізушісі. Көзім жеткені: Бұл өмірде бәріне дайын болу керек, әсіресе, бақытқа жетуге», — деп жазды Нұрпейісов. 



stan.kz