Антиваксер Айна Бакеева 10 күнге қамалды
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды KZNEWS.
Ол желіде мектепте балаларға мәжбүрлеп жасырын вакцина салынып жатқаны жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталды.
Дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды.
Еске сала кетейік, екі күн бұрын желіде астанадағы №58 мектепте 3-сынып оқушысына дәретханада жасырын вакцина салынғаны туралы видео тараған еді.
Видеодан бірнеше әйелдің (оның ішінде Айна Бакеева да бар) мектеп спорт залына кіргенін көруге болады. Таспаны түсіріп жүрген әйел өзінің журналист екенін айтып, ал кадр сыртындағы дауыс мектепте балаларға ата-анасына айтпай вакцина салынып жатқанын жеткізеді.
Кейіннен мектеп басшылығы мен баланың анасы ондай жағдайдың болмағанын, видеоның провокация екенін мәлімдеді.