Антисептиктің орнына арақ: Ақтөбе облысын қалай зарарсыздандырады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбе облысында медицина қызметкерлеріне антисептик ретінде 25 мың бөтелке арақ берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

арақ

Спирттік ішімдіктің басым бөлігі — жойылуы тиіс контрафактілі өнімдер. Бірақ коронавирустың салдарынан енгізілген төтенше жағдай кезінде тергеушілер алкогольді пайдаға жаратудың жолын тапқан.

«Бір бөлігі — контрафактілік өнім, олардың бір бөлігі — екінші рет тұтыну үшін мемлекет кірісіне айналдырылған, яғни экономикалық тергеу департаменті тергеген жеті қылмыстық іс көлемінде», — деді Ақтөбе облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы Артур Хайрутдинов.

Бұл арақтары бар жәшіктер бір жыл ішінде жауапсыз өндірушілерден алынды. Әдетте сот шешімі күшіне енгеннен кейін, барлық спирттік ішімдіктерді жояды. Осы жолы тергеушілер дәстүрді өзгертуге шешім қабылдаған.

Қазірдің өзінде дәрігерлер облыстың барлық медициналық мекемелері бойынша спирттік бөтелкелерді таратқан.

Өңірде антисептиктермен үлкен проблема болғандықтан, бұл, шын мәнінде, салмақты көмек болып саналады. Өйткені, ол ең сұранысқа ие және тапшы тауар. Дәріханаларда гигиена құралдары жоқ, немесе оны жоғары бағамен сатады.
 

 

stan.kz