Антикор Қостанай облысында ҚТЖ қызметкерлері неге сотталғанын айтты

0

Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.

«Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы сомасы 12 миллион теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.