Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктеріне қатысты іс қозғады

0

Антикор мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығару дерегін тексеріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның төрт жоғары оқу орны — Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті сауда-саттыққа шығарылған. ЖОО-дағы қатысу үлестерін сату туралы шешімді Қаржы министрлігі шығарған.