Антикор бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады
Бас прокуратура оның ісін 2024 жылдың 13 желтоқсанында сотқа берген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 1 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қолға түскен мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Kznews.kz
«Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады. Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. 2024 жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді», — деп хабарлады бүгін, 2025 жылдың 5 қаңтарында агенттік.
Айта кетейік, Ерлан Қожағапанов 2024 жылдың 1 наурызы күні қолға түскен болатын.