Антикор басшысының орынбасары тағайындалды
Дархан Құрақбаев Антикор төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz.
“Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, 5 сәуірде агенттік төрағасы лауазымына Асхат Жұмағали тағайындалған.