Антикор басшысының экс-орынбасары 10 бөлмелі вилланы 2 миллиард тенгеге сатылымға шығарған
Желіде «Антикор басшысының бұрынғы орынбасарының жұбайы отбасылық үйді сатылымға шығарды» деген ақпарат пайда болды. Дәлірек айтсақ, 2 миллиард теңгеге 10 бөлмелі Вилланы сатылымға қойған.
«Біз бұл ақпаратты көрдік, бізде тиісті бөлім бар, бұл мәселемен айналысады», — деп түсіндірді агенттік төрағасының бірінші орынбасары журналистерге.
Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер бұл іске «қызметкер қандай қызмет атқарғанына қарамастан» құқықтық баға беруге уәде берді.