Антикор әкім Бағдат Қарасаевтың ұсталуынан видео жариялады (ВИДЕО)
Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санэпидембақылау органдарының рұқсатынсыз аффилиирленген компанияға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.
«Сондай-ақ, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Ол қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшыларын тартты», — деді Антикор.
Компанияның тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі шартта көзделген міндеттемелері орындалмады, ал оның қызметінен түскен табыс оны жеке байытуға бағытталды. 204 млн теңге шығын келтірілді. Тергеу жалғасуда.
Видео: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет