Анталияға ұшқан Air Astana ұшағы Ақтауға шұғыл қонды
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
«8 қаңтарда Алматы – Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08: 35-те ұшып кетті. Техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы себеп болды.
Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарда сағат 09: 20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылуда», – деп хабарладыәуе компанияның баспасөз қызметі.
Фото: Vyacheslav Firsov, The Astana Times