“Әншілерді тегін тойға жібереді” — Наркенже Серікбаева Түркістан облыстық филармониясының былығын ашты

0

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының қазіргі жағдайын ашына жазды. 

“Аяғына дейін көріп шықсаңыздар екен.
Мен Наркенже Серікбаева су ішкен құдығыма ешқашан түкірген емеспін. Мен Шәмші атамыздың атындағы сарайды жарға жықпай керісінше жарқырағанын қалайтын жанмын. Әнұранымыздың авторы, ұлы компазитордың атын иемденген, жамау-жамау күйдегі филармонияның бүгінгі жай-күйін айттым. Шындық ашщы болады, біраз кісілер шыңғырып жіберді…

Ғалымжан Бақытжанұлы кеше үндеу жариялапты. Сөзін тыңдасаңыз бәрі тамаша, бәрі керемет. Ол пікіріне қол астындағы өзіндік пікірі жоқ, тек ғана бас изеп ғана қоятын орынбасарлары, жетекшілері мақтап, мадақтап отыр”, — деді.

Сондай-ақ әнші филармониядағы әртістерді басшылықтың жұмыстан тыс уақытта тегін тойға жіберетінін де айтты.

“Ғалымжан мырза сосын сізге айтарым қызметіңізді аса пайдалана бермеңіз. Қалаған уақытта шақырып алатын әнші қыздар сіздің қолжаулығыңыз емес. Әнші қыз-жігіттерді жұмыстан тыс уақытта тегін тойға жіберуді қойыңыз! Олар да бір айлыққа қарап отырмай кешкі тойға шығып ақшасын тапсын! Өнер адамына еркіндік сыйлаңыздар! Құзыретіңізді абайлап пайдаланыңыз. Менде біраз материалдар бар. Бәлеқор емеспін. Бірақ мені ашуландырмаңыз!” — деп жазды.

фото: Наркенже Серікбаеваның жеке парақшасынан