Әнші, жазушы және шопан: Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады

0

Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысының қолынан марапат алғандар қатарында мәдениет және өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, өндіріс, білім, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері бар

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Ең алдымен, баршаңызды еліміздің ең басты мерекесі – қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі мемлекет болғанымызға 28 жыл толды. Бұл тарихи белестердің бастауы, ұлы мейрам. Бүкіл еліміз үшін бұдан асқан айтулы күн, маңызды мереке жоқ. Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы», — деді Тоқаев Ақордада өткен салтанатты жиында.

Мемлекет басшысының қолынан марапат алғандар арасында әнші Роза Рымбаева, Тамара Асар, жазушы Төлен Әбдікұлы, Қойшығара Салғараұлы, президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, бас шопан Есет Өтесов бар.

Ақордада марапатталғандар тізімі:

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы

әнші, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі Роза Рымбаева

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Тұрсынбек Макишев

«Отан» ордені

жазушы Илья Жақанов

«Alageum Electric» холдингтік компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Сайдулла Қожабаев

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Виктор Тиль

І дәрежелі «Барыс» ордені

Мәжіліс депутаты  Сауытбек Әбдірахманов

Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов

жазушы Төлен Әбдікұлы

«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері Мекемтас Мырзахметұлы

ІІ дәрежелі «Барыс» ордені

«ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ мұғалімі Рахат Әзімбаева

Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім

Мемлекетаралық су шаруашылық үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылық мәселелері бойынша ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры Нариман Қыпшақбаев

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» РМК профессоры Мәмбет Қойгелдиев

жазушы Қойшығара Салғараұлы

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы

сценограф және костюмдер бойынша суретші Павел Драгунов

«Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ доценті Нұржан Жампейісов

әнші Жанқұл Тамараасар Қалниязқызы

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ оркестр концертмейстері Дамиля Махпирова

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК дирижері Ренат Салаватов

сценограф және костюмдер бойынша суретші София Тасмағамбетова

«Парасат» ордені

«Железнодорожное-АМФ» ЖШС директоры Максим Артемук

еңбек ардагері Оразкүл Асанғазы

журналист-публицист Жанболат Аупбай

«Шымкент қалалық орыс драма театры» МКҚК басшысы Игорь Вербицкий

еңбек ардагері Клара Жұмабаева

«ПМК- 117» ЖШС директоры Ольга Попова

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» ЖШС бас директоры Елена Сакенова

ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко

ІІ дәрежелі «Достық» ордені

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин

«Құрмет» ордені

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бөлімше меңгерушісі Ербол Махамбетов

«Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті» ҚБ бокстан ұлттық құрама командасының нұсқаушы – спортшысы Бекзад Нұрдаулетов

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені

«Хлебороб» ЖШС механизаторы Марат Боранбаев

«Жайлау» ЖШС бас шопаны Есет Өтесов

«ҚТЖ Жүк тасымалдау» АҚ филиалы Жамбыл пайдалану локомотив депосының вагон қараушысы – жөндеушісі Николай Хомутенко

әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары

«Қазақ тағамтану академиясы»қоғамдық бірлестігі» ЖШС президенті Төрегелді Шарманов

«География институты» ЖШС директоры Ахметқал Медеу

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас ғылыми қызметкері Темірхан Досмұхамбетов

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры Ескендір Бейсембетов.



sputniknews.kz