Әнші Жазира Байырбекова кімге ренжулі? — «Астана» телеарнасы

Әнші Жазира Байырбекова ажырасқандарды шақырғысы келмейтін той иелеріне ренжулі. «Ол — әр адамның тағдыры, мұндайларды құптамаймын», — деген әнші өз ойын «Ел аузында» бағдарламасында жайып салды.
Жазира БАЙЫРБЕКОВА, ӘНШІ:
«Ажырасқан әншілерді шақырғым келмейді. Біздің қуанышымызға тек қана сіздер сияқты үлгілі отбасылар келсінші», — деп айтып жатқанда мен ренжіп қаламын. Өйткені адамның тағдырынан бизнес жасауға болмайды ғой.