Әнші Заттыбек тұңғыш ұлын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды (фото) — новости Казахстана
40-тан асқан шағында алғаш рет ұлды болған Заттыбек Көпбосынұлы жақындарымен бірге сәбиін перзентханадан шығарып алды деп хабарлайды NUR.KZ.
Тележүргузуші Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында әншінің қамшы ұстарын күтіп алған сәттен суреттер жариялапты.
«Аллаға шүкір. Заттыбек ағамның ұлы Бихан батырды ел болып күтіп алдық», — деп жазба қалдырған ол.
Заттыбек Көпбосынұлының қуанышын бөлісуге барғандар қатарынан айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваны да байқауға болады. Ол домбырамен ән айтып, ал қалғандары асыр сала билеп жүр.
Еске салсақ, өткен аптада әншінің қырықтан асқан шағында алғаш рет ұлды болғанын хабарлаған болатынбыз. Оның Айзере атты бір қызы бар еді.
Көпбосынұлының жары шаңырақ көтерген соң 10 жылдан кейін ғана ана атанған.