Әнші Төреғали Төреәлі жаңа көліктерімен мақтанды

0

Әнші Төреғали Төреәлі өзінің Instagram-дағы парақшасына ақ және қара түсті екі бірдей Land Cruiser 200-дің ортасында тұрып түскен фотосуретін жариялады. Бұл қымбет көліктер оның өзіне тиесілі не тиесілі еместігі беймәлім. Өйткені әнші фотоны сипаттап ештеңе жазбаған.

Бірақ біреуінің сериясы TOR, екіншісінікі ALI деп жазылғанына қарап, бұл Land Cruiser-лердің кімдікі екенін топшылауға болатын сияқты.

Төреғали Төреәлінің өзі екі қымбат көліктің ортасында мәз болып тұр, әрине. Қайрат Нұртас пен оның анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова пікір жазатын жерге «от», «керемет» деген смайликтер қалдырыпты. Ал Instagram-ның өзге қолданушыларына әншінің бұл әрекеті ұнамай қалған.

«Шет елдерде әншілер мен әртістер кедейлер мен науқастарға көмектеседі. Ал бізде мынадай қиын заманда көлігі мен байлығын көрсетіп мақтанады. Сол неге керек?», «Байғұс мақтаншақ», «Бауырым, біреуін маған сыйлашы», «Бос даңғаза», – деп жазыпты әнші парақшасының оқырмандары.