Home Жаңалықтар Әнші Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды

Әнші Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды

0
519
Фото: instagram.com/tolkynzabirova

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды. 

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп… Антидененің арқасында жеңілірек өтіп жатыр», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ, ол анасы да ауырып жүргенін айтты.

«Анама ауыр болып тұр! Жасы 74-те! Алла шипасын берсін анама, дер кезінде екпе алған дүрыс екен. Бірақ осындай жаста үлкендерге жасатуға болар ма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар!», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, америкалық мамандардың пікірінше, COVID-19-ды екінші рет жұқтыру вирустың ағзада қайтадан пайда болуымен де, бір вирустың бірнеше уақыт адам организмінде қалып қоюымен де байланысты болуы мүмкін.

Коронавирусты қайтадан жұқтыру дерегі сирек кездеседі және ғалымдар әзірге ол қайтадан жұқтырумен байланысты ма, әлде бір вирустың адам ағзасында ұзақ сақталуымен байланысты ма, жоқ па нақты айта алмайды.

Ал Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру дерегі алғаш былтыр қарашада тіркелген болатын.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету