Әнші Шахизаданың ағасы коронавирустан көз жұмды
Отандық танымал әнші Шахизада Байбатшаеваның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Эстрада жұлдызының Сағатбек есімді ағасы өмірден өтті. Ол күллі әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны белгілі болды.
Ағасының қазасы жайлы қаралы хабарды Шахизаданың өзі әлеуметтік желі көмегімен жеткізді. Қайғыдан қан жұтқан әнші бауырына жантебірентерлік жазба арнап, онымен түскен суретімен бөлісті.
Оған қоса, өнер иесі аты жаман ауруды ойлап тапқандарды қарғап тастады. «Иманды бол аңкылдаған Сағатбек ағатайым менің. Алдынан жарылқасын жаның жәннәтта болсын!
Алла өз панасына алсын. Қош бол бауырым. Каронавирусты ойлап тапқан адамдардын Алла жазасын берсін» , — деп жазды ол.
https://www.instagram.com/p/CCY8BiSH61_/
Қауіпті инфекция салдарынан белгілі дизайнер Берік Ысмайылов та көз жұмған болатын. Кеше ауыр дерттен «Терісқақпай» театрының актері Дархан Дайырбектің де қайтыс болды.
Оған қоса, белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның нағашы апасы да коронавирустан айығып шыға алмай, өмірден озды.
KAZ.NUR.KZ