Әнші Сәкен Майғазиев қызметінен кетті

0
5860

Сәкен Майғазиев «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры қызметінен өз еркімен босатылды.

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Instagram желісіндегі shymkent_culture парақшасында Майғазиевтің мұндай шешім қабыладауын шығармашылық жұмыстарының көбейуі себеп болғанымен түсіндіріпті.

Шымкент қалалық мәдениет үйі Шәмші әндерінің концерті үшін ЦиMediaGroup деп аталатын ИП-мен 60 млн теңгеге келісімшарт жасасыпты. Майғазиев директор болып тұрғанда. Тендерді бір көзден алған компанияның мемлекеттік тіркеуден өткен күні – 2021 жылдың 14 шілдесі (Мемсатыпалу порталының мәліметі). Ал Шәмші әндеренің концерті үшін келісімшарт процесі басталған күн – 16 шілде. Демек, Шымкент қалалық мәдениет үйі тіркелгеніне екі-ақ күн болған компанияға 60 млн теңгелік тендер берген.

Бұл туралы журналист Мият Кәшібай жазды.