Әнші сахнада ән айтып тұрған кезде көз жұмды

0
73

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

56 0 0

https://sputniknews.kz/images/978/50/9785078.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/world/20200120/12578818/sakhna-anshi-qaza.html

Ол үшінші әнді шырқап тұрған кезде көрерменнен кешірім сұрап, басын төмен түсірген. Көрермендер мен әріптестері әншіге көмек керек екенін бірден түсінбепті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. Америкалық әнші Дэвид Олни Флорида штатындағы авторлық әндер фестивалінде көз жұмды, деп хабарлайды Variety.

Олнидің концерті сенбі, 18 қаңтар күні болған. 71 жастағы әнші орындықта отырып, ән шырқаған. Кенет өзін жайсыз сезінді. Көрермендер мен әріптестері әншінің біраз демалғысы келді деп ойлаған. Сондықтан көмекке асықпады.

Кешке қатысушалар үшінші әнді орындау кезінде Олни өзін жайсыз сезінгенін айтады. Ол жиылған жұрттан кешіріп сұрап, басын төмен түсірген. Музыканттар жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысты. Алайда әншіні аман алып қалу мүмкін болмады.

Тағы оқыңыз: Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды – видео

Әртістің өлімінің нақты себебі айтылған жоқ.



sputniknews.kz