Әнші Қарақат Әбілдина коронавирус жұқтырды

1

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Қарақат Әбілдина коронавирус жұқтырды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазба қалдырды.

— Мына вирус мені де айналып өткен жоқ. Ешқайда шығып,ешкіммен кездеспеген едім,қайдан жұқты түсінбеймін. Негізі ауада бірдеңе бар-ау. Күнде жауын жауып,ауа-райы да суып кетіп еді, оның да әсері болды ма,білмеймін ғой.

Температура жоқ. Тамақтан басталып,мұрыным бітеліп кәдімгі тұмау сияқты,төбемнен әлсіздік басты. Денем біресе тоңып, біресе ысып бірінші күні мазам болмады. Бұндай жағдайда адамға паника көмектеспейді.  Жаман ойға берілмей,емді жақсы оймен қабылдау өте маңызды. Бірден тамырдан витамин араластырып,аскорбин қышқылы мен глюкоза алып бастадым.

Кешегі салған тәсіл бойынша ингаляция жасап,тамақ мұрынды шайып,сұйықтықты көп ішіп,сорпаланып жылы оранып жатырмын. Балаларымызға сақ болайықшы. Ауырған адам бөлек бөлмеде болып, балаларға жақындамағаны дұрыс.Вирусқа қарсы анаферон, вит “C” ішкізіп,алдын алмаса болмайды. Бөлмені кварцтап,ауаны тазартып тұру да өте маңызды. Шүкір,жағдайым кешегіден қарағанда жақсарып келеді, — дейді Қарақат Әбілдина.

Ал, желі қолданушылары әншінің денсаулығына алаңдаушылықтарын білдіріп, тезірек сауығып кетуін тілейтіндігін жеткізуде.

— «Тез жазылып кетіңіз», «Тез сауығып кетіңіз», «Бәрімізде сол ,температура жоқ бірақ тамақ және бас ауырады. Иіс,дәм сезбеймін. Сізде емделіп кетіңіз», «Алла шипасын берсін» — дейді желі қолданушылары.

oinet.kz