Әнші Қайрат Нұртас пен оның жарын татуластырған інісі Заңғар болып шықты

0

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир өткізіп, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Оның үзіндісі парақшаларда тарады. Заңғар өзіне ағасы мен жеңгесі туралы көп пікірлер мен сауалдар келгенін айтты.

«Дайректтен оқыдым. — Екеуін қос, қос! Тойға шақыр, сен қосу керексің, — деп жазды. Сонымен тойда отырдым. Тойдың ортасында жеңгелерім де келді. Соңында мен сахнаға шығып, күшті сөз сөйледім», — деді Заңғар Нұртас.

Халық кенже баланың бұл әрекетіне сүйсіне қарады.

«Жарайсың, қазақ халқын бір қуанттың. Бәріміз қуанып қалдық қой», «Өте сауапты іс жасадың. Адасқандарға жол көрсеттің. Ақыл жастан, асыл тастан деген осы ғой. Қайрат пен Жұлдыз бақытты болсын», «Жарайсың, Заңғаржан. Атыңа лайық жігіт екен. Сені қамқоршым, ақылдым деп жатыр Жұлдыз жеңгең. Сөзіңде тұрдың. Мәрттік деген осы. Ендігі жерде мәңгі бірге болсын Қайрат пен Жұлдыз. Заңғар, Жібек, жұптарың жазылмай, бақытты ғұмыр кешіңдер», — деп жылы лебізін білдірді желі қолданушылары.