Әнші Меруерт Түсіпбаева жазба арнап, Димашқа қолдау білдірді

0

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде Димашқа жазба арнап, оған өз қолдауын білдірді. Өнер иесі ғажайып дауыс иесін сынап жатқандарға жауап берді.

Түсіпбаева Димаш туралы ойын Instagram парақшасында жазды. Ол әлемге қазақша сөйлеуді үйреткен әртісті сынға алу мүлдем дұрыс емес екенін айтты. Оған қоса өнер иесі Димашты сынға алатын адамдар бұл әрекетімен өздеріне хайп жасағысы келеді деп есептейді.

«Әлемге қазақша үйреткен. Әлемді қазақша ән салдырған. Әлемді қазақша сөйлеткен. Әлемге қазақты танытқан. Димаш. Есен-аман бол. Көз тимесін. Димашты сынға алып, оған қарсы шығатындар халыққа өздерін көрсеткісі келеді», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің сөзіне қосылып, Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді. «Дұрыс айтасыз, Димаш біздің тума талантымыз», «Димашты сынайтындарды түсінбеймін», «Димаштың атын пайдаланып хайп жасағысы келетіндер», «Бізді әлемге танытып жатқан бірден-бір әртісті сынау — үлкен қателік», — деп жазуда.

(Ақпарат: nur.kz, фото: instakyzyk)