Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Әнші Ернар Айдардың әкесі Жаңабай Айдарұлы өмірден өтті. Бұл туралы ақын Олжас Отар әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
Берік, Бейбіт, Талғат, Ернар Айдар бауырларым Жаңабай көкемнің иманы саламат болсын. Жатқан жері жаннаттың төрі болсын, — деп жазды ақын.
Айта кетейік, өнер иесі 2021 жылы әкесінің 60 жас мерейтойына қымбат көлік сыйлаған еді.