Әнші Ернар Айдар халыққа өз туған бауырларын көрсетті (ФОТО)

0
1906

Әнші Ернар Айдар желіде мұрағаттық суреттерін жариялап, қалың көпшілікке өзінің туған бауырларын көрсетті. Желідегілер ағайындылардың өзара ұқсастығына таңғалып, оларды қызу талқылауда, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Ернар Айдар ерекше отбасылық фотоларды Instagram парақшасында бөлісті. Эстрада жұлдызы онда бауырларының бала кезден бері қалай өзгергенін паш етті. Әнші алдымен төртеуінің бала күнгі суретін жарияласа, артынан қазіргі кездегі түрлерін көрсетті. «Қалай былай? Бауырларымыз аман болсын. Зымыраған уақыт-ай. Аллаға шексіз шүкір» , — деп жазды ол. Желі қолданушылары туған бауырлардың суреттерін бірден талқылап, олардың өзара қатты ұқсайтындарын жарыса жазды. «Бауыр деген жаның ғой. Аман болыңыздар», «Бауырдың орны бөлек қашанда», «Өте қарапайым жігіттер», «Қатты ұқсайсыздар. Туған бауырлар екендеріңізді бірден білуге болады», «Бәрінің түрі ұқсайтын секілді», — деп жазуда көпшілік.