Әнші Досымжан Таңатаров басшылық қызметке тағайындалды

0

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров Астанадағы Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалды, Kznews.kz деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Жастар театрын актер Әділ Ахметов басқарған еді.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.  “Мәдениет қайраткері”, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері”.

Ол 2000 жылдан бастап ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.