Әнші Бүркіт пен Аиша тағы да ата-ана атанбақ

0

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша жақында тағы да балалы болатынын хабарлады. Ерлі-зайыпты желідегілердің болжамын растап, төртінші сәбиін күтіп жүргендерін айтты.

Бұл қуанышты жаңалығын әнші Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді.  Жұлдызды әке отбасымен Балидегі демалыстан видео жариялап, оның астына ерекше жазба қалдырды.

«Әйеліңнің аяғы ауыр кезде бар қалауын орындайсың», — деп жазды Бүркіт.

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты үшін қуанып, оларға жылы лебізін жарыса білдірді.

фото: әлеуметтік желіден