«Әнші болғым келеді»: Роза Әлқожа 20 жыл бұрын Досымжан Таңатаровтың алдына барғанын айтты (видео)

0

Отандық әнші Роза Әлқожа биылғы жылы 41 жасқа толып, еліміз бойынша 41 концерт өткізген. «Жақсы адамдарым» бағдарламасына келген өнер иесі осыдан 20 жыл бұрын Досымжан Таңатаровтың алдына барып, әнші болғысы келгенін айтқанын еске алды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«2018 жылы Республика сарайында концерт беретін болып, Досымжан ағаға хабарластым. «20 жыл бұрын алдыңызға бардым ғой. Әнші болғым келеді. Маған көмектесіңізші» деп айтқанмын. Сонда «Тұрмыстасың ба? Неше балаң бар?» деп айтқан. Мен «Иә, тұрмыстамын. Екі балам бар» десем, «Қой, онда сен отбасыңа бар. Ән айтпай-ақ қой» деп айтқан. Сол кезде дуэт айтқым келген ғой. Біз енді Досымжан ағаның әндерін тыңдап өстік. «Аға, мен енді әнші болдым. Отбасым да жақсы. Енді 20 жылдан кейін менімен дуэт орындайсыз ба?» деп, 2018 жылы екеуіміз бірге дуэтті бірге орындап шықтық», — деп еске алды Роза Әлқожа.