Әнші Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлік алды (видео)

Әнші Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлігін көпшілікке көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында көлікті сыйға алғанын жеткізді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
«Жігіттер осылай қолдау көрсетті», — деп жазды Бағлан Әбдірайымов. Ал желі қолданушылары әншіні су жаңа темір тұлпарымен құттықтады. «Құттықтаймын», «Көрімдікке бір пакет құрт», «Игілігіңізге мініңіз», «Көлік құтты болсын», — деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, осыған дейін әнші Бағлан Әбдірайымов өз өкінішін бөліскен болатын. Әнші сахнада 20 жыл жүріп әке-шешесінің жағдайын жасауға тырыспағанына күйінген еді.