Әнші Ақбота Сейтмағамбетке ұсыныс жасады

0

Танымал «Рауза» телехикаясында басты кейіпкерлердің бірін сомдаған Шерхан Пірназар отандық бағдарламалардың бірінде Ақбота Сейтмағамбетке ұсыныс жасады, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.

Ол тікелей эфирде әншіге сезімін білдіріп, сақинасын ұсынды. Ал Ақбота таңданысын жасыра алмады.

Бұл сәт көрермендердің көз алдында өтті.

«Шынымды айтсам, мен мұндай ұсыныс күткен жоқпын. Сен әзілдеп тұрған шығарсың. Пранк болса, менімен олай ойнама. Мен алдандым. Не айтарымды да білмей тұрмын. Мен сенің не ойлағаныңды білмеймін. Саған мен секілді әйелдің не керегі бар? Мен ойланайын. Сен мен үшін жақсы доссың, әріптессің. Сөзімді жерге тастамайсың. Бірақ бұлай ұсыныс айтады деп ойламадым. Сондықтан не айтарымдым білмеймін», – деді әнші.

Ақбота жігіттің берген сақинасын өзі тағып алды. Алайда нақты жауап айтқан жоқ. Желідегі оқырман мұның кезекті хайп екенін топшыласа, енді бірі бақыт тіледі.

«Мен үшін күтпеген жайт болды. Әлі ойланамын. Оңай нәрсе емес», – деді ол желіде.

Әнші желіде әлі де ойланатынын айтып, көпшілікті толғандырып қойды.