Әнші Алмас Кішкенбаев оқушыға тиісті деген ақпарат тарады

0

Kozachkov offside Telegram-арнасында Алматы полицейлеріне курьер болып жұмыс істейтін баласына тиіскен ер адамнан арыз түскені жазылған.

«2007 жылғы жігіт кешкі сағат тоғыздарға таман көрсетілген мекенжай бойынша үш сыра әкеліп тастауға тапсырыс алған. Ол дүкеннен сыраларды алып, оны тапсырыс берушіге апарып берген.

Содан соң түсініксіз нәрсе болған. 17 жастағы жігіттің айтуынша, сыраны 40 жастағы ер адам алдыртқан. Ол алкогольді алған соң, курьерге бірге ішуді ұсынған. Содан соң ер адам 11-сынып оқушысының интимді жерін ұстағысы келген.

Курьер бірден үйіне барып, әкесіне айтып берген. Ал әкесі құқық қорғау органдарына барған. Полиция қызметкерлері арызда баяндалған дәлелдерді тексеру үшін сыраға тапсырыс берушінің пәтеріне барып, оны бөлімшеге жеткізді. Ер адамның аты — Алмас Кішкенбаев», — делінген жазбада.