Әнші Әли Оқапов қандай дертке шалдыққанын айтты

0

Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне дисфония диагнозы қойылғанын айтты. Бұл дертпен 5 жыл бойы күресіп келе жатқан Әли өлең айтқанда даусының қарлығып қала беретінімен бөлісті.

«Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін», — деп жазды ол.

Қарлығу, дисфония — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі. Бұл — көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер.