Әнші Айқын Төлепбергеннің әйелі елді шошытты (видео)

0

Қазақстандық белгілі әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали имиджін өзгертті. Елдің алдына тақырбас боп шыға келген ол халықты қатты таңғалдырды.

Елдің алдына жылтыр басымен жарқырап шыға келген актрисаның видеосы Instagram желісіндегі kazakh__stars парақшасында жарияланды.

Видеода бет әрлеу маманының басын тақырлап тастаған өнер иесін бояндырып жатқаны көруге болады. Желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқыға алды.  Бірі актрисаның мұндай қадамға не себепті барғанын біле алмай әлек болса, енді бірі оның басын тақырлап тастағанына сенбей қойды. Олар белгілі рөлді сомдау үшін әншінің шашын жасырып қою керек болғанын алға тартады.