Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталған сәтінің видеосы тарады

Қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожының 6 шілде күні ұсталған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоны Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Еске сала кетсек, Әбдіжаппар Әлқожаның тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, ұсталған болатын. Сонымен бірге, әнші мас болған.
Сондай-ақ Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс мас күйінде көлік жүргізіп ұсталып, 10 күнге қамауға алынды.