Анна Данченко: Стилист маған қысқа көйлек кигізбек болды, мен бас тарттым, себебі тәрбием басқа — Қазақстан жаңалықтары

0

Тележүргізуші Анна Данченко өзінің не себепті ашық-шашық киінбейтінін жазды. Ол өзіне ашық киімді ұсынған стилистің ұсынысынан бас тартқанын айтты. 

«Мен, негізі, стилиссіз киім таңдаушы едім. TV саласында жүргеніме 14 жыл болды. Не жарасып, не жараспайтынын білем. Камера заңдылықтарын да ескерем. Оған қоса, тәрбием басқа — қысқа әрі ашық-шашық киімдерді таңдамаймын да, кимеймін. Мұғалім болып қызмет атқарғасын да, студенттердің алдында барынша жинақы болып жүруге тырысам. Өзіме де ұнайды.

Бүгін #БірБолайық жобасының стилисі маған эфирге қысқа көйлек кигізбек болып еді, #ұят емес пе, ел көріп отыр деп едім, үндемей қалды. Түсінсе керек.
Болмысыма сай емес дүние жасағым келмейді, жасамаймын да.
Қанша жарасып тұрса да, өзімді ыңғайсыз сезінгім келмейді.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Менің киім кию стилім, образдарым ұнайды ма?
Маған қандай киім көбірек Жарасады?», — деп жазды тележүргізуші парақшасында.

Бұған бей-жай қалмаған желі қолданушылары пікір білдіріп жатыр. 

«Құрметті Анна ханым! Сіздің бойыңыздағы осы қасиетіңізден айналдым. Сіздің киім киісіңізді әр эфирге шыққаныңыз сайын мен қадағалап отырамын. Тәрбиелеген анаңа мың алғыс!өзіңізден кейінгі және алдынғы буындарға көп үлгі болып жүргеніңізді байқамайтын шығарсыз. Бірақ солай. Әйел бақытын тілеймін жаным», «Сізді тапқан анаңыз алтын болып тұр ғой. Тәрбиені дұрыс бепген», «Анна! Саған керемет бір мырза Қазақтың нағыз бір мен мен деген жігітіне куйеуге шығу керек! Сен бақытты болуға лайықсың! Сенің ойың мінезің қазақи! Сен бамқа ултпен тура алмайсың! Сенің менталитетің қазақша! Біз сені жақсы көреміз! Бақытты бол! Менің куйеу балам орыс ултынан екі баласы бар он төрт жыл болды! Шукур! Жақсы!», — деп жазды олар.


Анна Данченко: Отбасылы әншілердің арасында маған сезімін білдіргендер болды


stan.kz