«Әнін айтып ұйықтататын»: Жұбайы Қайрат Нұртастың қандай әке екенін айтты — Қазақстан жаңалықтары
Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, елдің сүйікті ұлы Қайрат Нұртас — өте балажан әке. Алғаш әке атанғанда небәрі 19 жаста болған хитмен тұңғышын мейірлене иіскей алмаса да, одан кейінгі үш перзентіне қамқорлығын аямай төккен көрінеді.
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қайрекең балаларын көтереді. Тұңғышымыз ата-әжесінің қызы болды, сол кезде пападан ұялып, біраз уақыт қолына ұстаған жоқ. Менің өзім де қарны ашқан кезде емізіп, әкеміздің қасына беріп кететінмін. Ал жалпы кейінгі балаларды Қайрат қарады, дүниеге келген күнінен бастап көтеріп, қорықпай қарасады», — дейді Жұлдыз.
Жұмыс кестесі тығыз әрі аптасына бірнеше күн ғана үйде болатын Қайрат бос уақытын балаларына арнайды екен.
Ұйқысы қаншалықты қатты болғанымен, балаға келгенде әнші демалмай жұмыс істеуге де әзір көрінеді.
«Қайрекеңнің ұйқысы қатты. Бала қатты жылап жатса естиді. Мен тірлік істейтін болсам, үйде көмекші ешкім болмаса, міндетті түрде қарайды. Әнін айтып, ұйықтатады. Арбаға салады немесе аяққа салады. Бесікке бөлеп беремін, қарап отырамын. Балаға қараудан қашпайды негізі», — дейді Әбдікәрімова.
stan.kz