Әнімен желіні жарған құрылысшы қыз кім? (ВИДЕО)

0

      Осы аптада көптеген блогерлер құрылыста жүріп ән салған қыздың бейнеролигін жарыса салуда. Дауысымен халықты тәнті еткен қыз туралы ақпаратты алғаш болып Batyr_bloger өз парақшасына салып, таныстырды. Белгілі әнші Сәкен Майғазиев те видеомен бөлісуді жөн көріпті: 

«Желіні «жарып жатқан» аруды мен де жариялап қояйын. «Қазақстан дауысы» жобасына келгенде тетікті төртеуміз де басар ма едік. «Әу» демейтін ҚАЗАҚ жоқ» деген сөздің дәлелі осы емес пе. Таныс болыңыздар, Дана Серікбай 1994 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Дананың музыкалық білімі жоқ. Тек 3 курс оқып, оқуы аяқталмай қалған. Яғни, қолында диплом да жоқ. Бірақ Алла берген дауыс бар. Қазіргі уақытта Алматыдағы пәтерлерде жөндеу жұмыстарын (евроремонт) жасап, нәпақасын тауып жүр екен. Жолың ашық болсын, Дана кыз!

деп жазды әнші өз парақшасында.

Оқырмандар да Дана есімді қызды қолдап «Бағың ашылсын», «Талант бар, таныс жоқ», «Жұлдызың жансын», «дауысы керемет» деп пікір қалдыруда.