Англияда үш балдық шектеу жүйесі енгізіледі

0
124

2 желтоқсанға дейін елде локдаун режимі сақталады. Бұдан әрі әрбір өңірде эпидемиологиялық ахуалға байланысты әртүрлі дәрежедегі шектеулер шаралары енгізілетін болады.

Мысалы, қауіптіліктің ең жоғары үшінші деңгейіне тамақтану объектілерінің тоқтатылуы және COVID-19 жаппай тестілеуі жатады.

Екінші деңгейлі аймақтарда мейрамханалар жұмыс істейді, бірақ тек 23:00-ге дейін. Сонымен қатар, ашық ауада жаттығуға рұқсат етіледі.

Қауіптілік деңгейі төмен аймақтарда британдықтар спорттық іс-шараларды тамашалай алады, бірақ көрермен санына шектеу қойылады.

Күзде Англияда карантиннің үш деңгейілі жүйесі болды, бірақ ел билігі шектеу шараларының қысқы нұсқасы қатаң болатынын ескертті.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету