«Аңғал деп ойлаушы едім»: танымал тележүргізуші әнші Шаһизаданың пікірінен кейін жазба жариялады
Осыдан бірнеше күн бұрын тележүргізуші Жазира Бегалы отандық әнші Шаһизаданың дүкенінен жеңілдікпен алған көйлектің «жыртық» боп шыққанын айтқан болатын. Дауға қатысты әншінің пікірінен соң тележүргізуші Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасады.
«Мына әнші Шахизада мені бұғаттап тастап, жыртық көйлегін қайтарып берді деп жазба жазыпты. «Жыртық көйлекті тіктіріп кие салмады» деп, өкпесі қара қазандай болып жатыр екен. «Астарлы ақиқатта» осы кісіге жаным ашыған. Өнер адамы аңғал, адал деп ойлаушы едім. Бұл әнші нағыз хайп қуып жүрген, жыртық киімді «жаңа» деп беті бүлк етпей сататын леди екен. Құдай сақтасын! Мына жазбасын оқып, жағамды таппай қалдым. Ұят-ай! Әнші «Оқырман жинады» деп уайымдамасын. Менің парақшам өтірік айтатын, ұятсыз , алаяқ, сөз төркінін түсінбейтін, әдепсіз пікір жазатын адамдардың ішін пыстырады.
Құдайға шүкір, әлеуметтік желідегі парақшама бұрыннан мені танитын, құқығын қорғауды білетін, мәдениетті жандар тіркелген . Жыртық көйлек дауынан кейін олардың қатары көбейіп немесе азайған жоқ. Қоқысқа тастайтын көйлегін тегін берсе де кимеймін. Аулақ жүремін. Негізі бұл саудагер тұтынушы құқығын оқып алсын», – деп жазды Жазира Бегалы.
Фото: «Қыздар-ай» бағдарламасы